Ұлттық парк ұжымы Жолдауды талқылады

Поделиться

Социальный сети

Ұлттық парк ұжымы Жолдауды талқылады

«Көлсай Көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі мекемесінің қызметкерлері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы жылдың 1-қыркүйегіндегі Қазақстан халқына жолдауын талқылады. «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты биылғы жолдаудың тақырыбы айтып тұрғанындай бүгінгі таңда қордаланған мәселелерді шешу барысында халық игілілігі үшін елге қызмет ету әр азаматтың парызы»-деп, талқылауды бастаған Ұлттық парк директоры Ержан Қалматаев өзінің пікірін ұжым талқысына салып, алдағы уақытта осы мақсатта атқарылар жұмыстардың жоспарымен бөлісті. Жалпы қайсыбір Жолдауға көз жүгіртсеңіз қамтыған мәселелері мен қойылған мақсаттары өте ауқымды болып келеді. Дегенмен, қыркүйектегі бұл Жолдау елімізде биылғы жылы орын алып жатқан оң өзгерістерді қамти отырып, қалың бұқараның билікке деген оң көзқарасын қалыптастыруға барынша ықпал етті. Жолдау барысында қамтылған өзекті мәселелер: ең төменгі жалақы 70 мың теңгеге дейін өсетіні,бала күтіміне берілетін төлем бір жарым жасқа дейін ұзартылуы, ұлттық қор табысының 50 пайызы балалардың есепшотына жиналатындығы, әйелдердің зейнетке шығу жасы 61-ге дейін төмендейтіні,қаңтар оқиғасына қатысушыларға рақымшылық жариялануы, шетелден әкелінген көліктер қолжетімді қаражатқа заңдастырылатындығы бүгінігі таңда ел тқрғындарының билікке деген сенімін нығайта түсетіндігі Ұлттық парк ұжымының талқысында айтылды.