«Парктер шеруі-2024» табиғатты қорғау акциясы аясында кең ауқымда экологиялық фестиваль өтті

Поделиться

Социальный сети

«Парктер шеруі-2024» табиғатты қорғау акциясы аясында кең ауқымда экологиялық фестиваль өтті

2024 жылдың 03 мамыр күні Ұйғыр ауданы, Ават ауылында И.Искандеров атындағы орта мектебінде «Парктер шеруі-2024» табиғатты қорғау акциясы аясында кең ауқымда экологиялық фестиваль өтті. Оқушылар арасында Қалдықтарға екінші өмір сыйла, Құстарға ұя жасау, Табиғатты қорғайық атты тақырыбында қабырға газеттерін шығару, Табиғатым – шабытымның бастауы өз шығармашылығынан өлең, шығарма жазу бойынша жұмыстарымен таныстырды. Акцияға ауыл әкімі, Шарын және «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкерлері қатысты. Акция соңында мектеп ауласына «Көлсай көлдері» ұлттық табиғи паркінің орман тұқымбағынан әкелінген 15 түп шырша және 15 түп қайың ағаштарының көшеттері отырғызылды. Қатысқан адам саны – 72.

Видео