Қызыл кітаптағы көкқұс біздің паркті мекендейді
Поделиться
Социальный сети
Қызыл кітаптағы көкқұс біздің паркті мекендейді
Биылғы 2023 жыл "Көкқұс" жылы болып саналады. Көкқұс Қазақстанда Талас Алатауынан Іле Алатауына дейінгі аймақта кездеседі. Көкқұс тау бөктерінің жапырақты орман, арша өскен жерінде, өзен бойларын мекендеп, тік жартастар арасына ұя салады. Ол 1996 жылы Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.
"Көлсай көлдері" МҰТП-дің аумағынан ең бірінші ұясы 1968 жылы ортаңғы Көлсайда анықталған. Одан кейінгі жылдары төменгі Көлсайдан, Саты және Талды сайларынан, Қайынды көлі аумағынан байқалған. Қазіргі таңда біздің паркіміздің аумағында Көкқұстың 51 дарағы санаққа енді.