Жерұйық көрем десең – Көлсайға кел!

Поделиться

Социальный сети

Жерұйық көрем десең – Көлсайға кел!

Төсінде айдын шалқар, аққулы көл,
Жерұйық көрем десең Кегенге кел! – деп келетін жолдары бар танымал әндегі айдын шалқар көл – осы Көлсай көлі. Бұл көрікті мекен тек Кеген ауданы немесе Жетісу өңірінің ғана емес, күллі қазақ даласының мақтанышы. Көлсайға жылдың қай мезгілінде келсеңізде көз тойдырып, санаңызды сергітіп қайтасыз. Жаздың аптап ыстығы немесе қыс қаһарына мінген шақта да көрікті Көлсайдың көрінісі күнделікті күйбең тіршілікті бір сәт ұмыттырып, жан сарайыңызды ашып, жаңа қуат сыйлайтыны әмбеге аян. Бүгін сіздердің назарыңызға күзгі Көлсайдың керемет сәттерінен түсірілген фототуындыларды ұсынғалы отырмыз.