Жаңбырлы көктем күндерінің бірінде біздің бейнетұзақ назарына үсті дымқыл қоңыр аю ілікті.
Тяньшань қоңыр аюы Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген.
Соңғы жылдары аюлар жиі кездесе бастады және олардың саны ұлттық парк аумағында жыл өткен сайын артып келеді, Бұл, сөзсіз, 2007 жылы ұлттық парктің құрылуымен және жануарлар әлемін қорғау жұмыстарының дұрыс жолға қойылуымен байланысты деп ойлаймыз. Ұлттық паркте аюлардың саны шамамен 19-22 дараққа жетті. Дегенмен, жабайы жануарлардың санының артуына қаскерлік, орман өрттері және адами факторлар кері әсерлерін тигізетіні сөзсіз. Сондықтан ұлттық парк қызметкерлері қорғау жұмыстарын жандандыра бермек.