Тағы да "Көлсай көлдері" МҰТП аумағында мекендейтін қар ілбісінің видеосы! Мұндай керемет кадрлар ешқашан көп болмайды, солай емес пе?
Бір роликте біз бейнетұзақтың көмегімен өткен және ағымдағы жылдардағы бірнеше эпизодтарды біріктірдік, осылайша сіз осы әдемі аңның шексіз сұлулығы мен әсемдігіне тағы да таңданасыз!
Өткен бейнеден аналығы ма, әлде басқа дарағы ма деп айту өте қиын. Немесе, бұл өз аумағын бақылап жүрген аталығы болуы мүмкін. Териолог мамандар түпкілікті қорытынды жасау үшін барлық фото және бейне материалдармен мұқият және түпкілікті танысуы керек. Бірақ, біздің көзқарасымыз бойынша – тауларымызды мекендейтін еліміздің символына айналған Қар барысын көру - бұл үлкен сәттілік!