25.06.2022 жылы «Көлсай көлдері» ұлттық табиғи паркінде «Парктер шеруі – 2022» халықаралық табиғат қорғау акциясының жабылу салтанаты «Төменгі Көлсай көлі - Сарыбұлақ асуы» маршрутында өткізілді. Жабылу салтанатына Алматы қаласындағы SAGADAT batyr Jiu- Jitsu спорттық клубының тәрбиеленушілері және Алматы қалалық Қайырымдылық клубының еріктілері, ұлттық парк қызметкерлері қатысты. Жабылу салтанатында тазалық акциясы ұйымдастырылып, маршрут бойлары мен көл жағалауына тазалық жұмыстары жүргізілді. Жабылу салтанатын тазалық жұмыстарымен аяқтадық.