Тағы бір әдемі және сирек кездесетін жыртқыштың біреуін Түркістан сілеусіні "Көлсай көлдері"МҰТП РММ бейнетұзағы тіркеді. Кадрлардан анық көрініп тұрғандай – бұл көктемгі түлеу процесінде – бейне осы жылдың наурыз айында түсірілді. Сілеусіннің жүнінің түлеуі жылына екі рет – көктемде және күзде болады. Қысқы жүннің түсі қоңыр-ақшыл, кейде әлсіз дақтары бар.
Күнгей Алатауындағы Түркістан сілеусінінің негізгі мекендейтін жерлері-қылқан жапырақты және жапырақты ормандар, бұталар. Қыста, қар көп болған кезде, сілеусін төмендейді және аз қарлы беткейлерге тұрақтайды.
Сілеусіндер-толай қоян, сұр суыр, елік, тышқан тәріздес кеміргіштер, кекілік, ұлар, тұяқты жануарлардың төлдерімен қоректенеді. Ол негізінен ымырт пен түнде белсенді, бірақ кейде күндіз