ҚР Президентінің 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауына сәйкес, орманды қалпына келтіру орман өсіру жұмыстары атқарылуда. Ұлттық табиғи паркте 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспар негізінде,- Көлсай орманшылыгындағы уақытша орман тұқымбағында 0,06 га аумақта жер дайындалып, 3 сыныпты 30 кг Шренк шыршасының тұқымдары қолмен себілді. Сонымен қатар тұқымбақта өсіріліп жатқан көшеттерге уақтылы күтіп-баптау жұмыстары жүргізілуде.