Яғни 27.05.2022 жылы «Парктер шеруі-2022» табиғатты қорғау акциясы аясында «Халықаралық бизнес және коммуникация» колледжінің қызметкерлері мен ұлттық парктің экологиялық ағарту және туризм бөлімінің қызметкерлері және мемлекеттік инспекторлардың қатысуымен «Бірге таза Қазақстан» атты тазалық акциясы ұйымдастырылды. Акция барысында маршрут бойлары мен Төменгі Көлсай көлінің жағалаулары қоқыстардан тазартылды.