«Парктер шеруі -2022» табиғат қорғау акциясының жоспары бойынша «Табиғатқа саяхат» атты тақырыпта ұлттық парктің мұражайына және «Төменгі Көлсай көлі - Сарыбұлақ асуы» туристік маршрутына С. Бейсембетұлы атындағы орта мектептің 3-5-сынып оқушыларына 30.04.2022 жылы Экологиялық ағарту және туризм бөлімінің мамандары Ә.Жетібаева, Ж.Айтбаева танымдық экскурсия өткізді. Танымдық экскурсияда оқушылар ұлттық парк аумағында мекен ететін жануарлар мен өсімдіктер дүниесі, туристік маршрут жайында ақпаратпен танысты. Оқушылар танымдық экскурсиядан ұлттық парк туралы мол мағлұмат алды.