Ағымдағы жылдың 17-31 желтоқсан аралығында Республика көлемінде «Шырша» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Алматы облысының полиция қызметкерлері табиғатты қорғау ұйымдарымен бірлесіп «Шырша» профилактикалық іс-шарасы аясында рейдтер өткізуде Жаңа жыл қарсаңында Кеген ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері орманды қорғау ұйымдарымен бірлесіп профилактикалық рейдтік іс-шараларды өткізуде. Басты мақсат - жас қылқан жапырақты ағаштарды заңсыз кесу, жинау, тасымалдау және сатуды анықтау және жолын кесу.

 

- Алматы облысының ПД-нің нұсқауы бойынша Кеген ауданының орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі, Көлсай көлдері мемлекеттік ұлттық табиғи паркі және Алматы облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы қыметкерлері мобильді топтар құрды. Олар ішкі істер органдарының қызметкерлерімен бірге жас қылқан жапырақты ағаштарды заңсыз кесілуден және зақымданудан қорғау бойынша кезекшілік атқаруда. Осылайша, орман қорына кіретін ағаштар мен бұталарды заңсыз кескені, жойғаны немесе бүлдіргені үшін ҚР ӘҚбТК-тің 381 баптың-1 тармағы бойынша әкімшілік жаза қолданылады. Бұл тәртіп бұзушылық жеке тұлғаларға 20 АЕК, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - 40 АЕК, ірі кәсіпкерлерге- 100 АЕК көлемінде айыппұл салуға әкеп соғады. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда немесе әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер – заңсыз кесілген ағаштар мен бұталар, көрсетілген бұзушылықтарды жасау құралы болған бұзушының көлік құралдары және өзге де заттары тәркілене отырып, жеке тұлғаларға – бір жүз елу, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – төрт жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – алты жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді. Егер келтірілген зиян 100 АЕК-тен көп болса, онда бұл жағдайда ҚР Қылмыстық кодексінің 340-бабы «Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе бүлдіру» бойынша қылмыстық жаза қарастырылған. КЕГЕН АПБ АЗАМАТТЫҚ ҚЫЗМЕТТІК ҚАРУ АЙНАЛЫМЫНА БАҚЫЛАУ ИНСПЕКТОРЫ ПОЛИЦИЯ КАПИТАНЫ ТУНЛИКБАЕВ ЕРМЕК.