2021 жылдың 26 қараша күні биология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясының құрметті мүшесі, ҚазҰЖҒА академигі Мухитдинов Наштай Мухитдинұлының 80 жылдығына және Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «БИОАЛУАНТҮРЛІЛІКТІ САҚТАУ АСПЕКТІЛЕРІ» Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Конференцияға мекеме директоры Е.О. Қалматаев, ҒжМБ аға ғылыми қызметкері Б.Б. Арынов және ғылыми қызметкер Р.Е. Қапарбай қатысты. Халықаралық ғылыми-практикалық материалдар жинағына мынадай мақалалар жарық шықты: Печеночница фальконера (Hepatica falconeri (Thoms.) Steward) в Кунгей Алатау: изучение в природе и опыт в культивирования; Фенологические наблюдения на территории национального природного парка «Көлсай көлдері»; Материалы по орнитофауне ГНПП «Көлсай көлдері».