«Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі»  республикалық мемлекеттік мекемесі директорының міндетін атқарушы Қалматаев Ержан Орынбайұлының 10 тамыз 2021 жылғы №75 санды бұйрығымен 10.08 – 10.09.2021 жыл аралығында «Таза демалыс аймағы» атты экологиялық акциясын өткізу жоспарланған. Осыған байланысты  кезекті экологиялық акциямыз 2021 жылдың  4 қыркүйек күні ұлттық парк аумағында «Алматы қалалық адвокаттар алқасы» және ұлттық парктің экологиялық ағарту және туризм бөлімінің мамандары, Қарабұлақ орманшылығының мемлекеттік инспекторлары  бірлесіп ұлттық парк аумағындағы соқпақ  бойларына, көру алаңқайларына тазалық жұмыстарын жүргізіп, жалпы көлемі 1 тоннаға жуық тұрмыстық қалдықтар жиналды. Акцияға – 31 адам қатысты.