«Таза демалыс аймағы»
«Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі республикалық мемлекеттік мекемесі директорының міндетін атқарушы Қалматаев Ержан Орынбайұлының 10 тамыз 2021 жылғы №75 - санды бұйрығымен 10.08.-10.09.2021 жыл аралығында «Таза демалыс аймағы» атты экологиялық акциясын өткізу жоспарланған. Осыған байланысты
2021 жылдың 28-29 тамыз аралығында аумағында эко-волонтерлерінің бірлесуімен «Таза демалыс аймағы» атты акциясы өткізілді. Бұл бойынша ұлттық парктің мемлекеттік инспекторлары және еріктілердің қатысуымен 28-тамыз Қайыңды көлінде
29-тамыз Төменгі Көлсай көлі және , көл маңындағы туристік соқпақтар, көру алаңқайлары, автотұрақ орындарында тазалау жұмыстары жүргізіліп, жалпы көлемі 1,5 тоннаға жуық қатты тұрмыстық қалдықтар жиналды. Акцияға - 35 адам қатысты. Эко-волонтерлер
осындай акцияларға үлестерін қосып, алдағы уакытта осындай экологиялық акцияға атсалысатындықтарын айтты.