2021 жылдың 17-18 тамыз аралығында «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі республикалық мемлекеттік мекемесі аумағында «KazEcoPatrol» Республикалық қоғамдық бірлестігінің эко-волонтерлерінің  бірлесуімен «Не жди дворника» «Тазалаушыны күтпеңіз»  атты акциясы өткізілді. Бұл акция «KazEcoPatrol» Республикалық қоғамдық бірлестігінің басшысы Тимур Елеусизовтің  ұйымдастыруымен өткізіліп, оған Алматы қаласы бойынша экология департаментінің басшысы Байедилов Қонысбек, Кеген ауданы әкімінің орынбасары Құдабаев Дастан, Кеген аудандық төтенше жағдай басқармасының аға инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты Әбділдаев Алдияр, №11 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі, азаматтық қорғау кіші сержанты Дәлелханов Мирас, Алматы облысы бойынша «Алтын Адам Жетісу шеберлер орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Бакирова Динара, Алматы облыстық оқушылар сарайының Талдықорған қаласы бойынша «Жас Ұлан» жасөспірімдер бірлестігінің координаторы Кулшанова Меруерт, Саты ауылдық округінің әкімі Әлімов Рүстем, Саты ауылы округі әкімі жанындағы жастар ісі жөніндегі нұсқаушы Биғожа Назира, бұқаралық ақпарат құралдары өкілінен Алматы облысы ішкі саясат басқармасы «Jetisy Media» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тілшісі, журналист Сабырова Анар қатысты. Бұл шара ұлттық парктің мемлекеттік инспекторлары және еріктілердің қатысуымен 17-18 тамыз күндері  Төменгі Көлсай көлі және Қайыңды көлінде, көл маңындағы туристік соқпақтар, көру алаңқайлары, автотұрақ орындарында тазалау жұмыстары жүргізіліп, жалпы көлемі 2,5 тоннаға жуық қатты тұрмыстық қалдықтар жиналды. Шара барысында аумаққа келуші туристер мен демалушыларға аудандық төтенше жағдай басқармасы мамандарының қатысуымен қауіпсіздікті сақтау туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ескертпе парақшалары таратылды. Акцияға - 85 адам қатысты.

Бұл акцияға қатысушы жастар осындай акциялардың жиі ұйымдастырылып тұруына өздерініңде үлестерін қосатындығын, көптеген жастарды осындай акцияға қатысуға шақыратындықтарын білдіріп, алдағы уақыттада еліміздің кез-келген өніріндегі осындай экологиялық акцияға атсалысатындықтарын айтып және жақсы көңіл күймен қайтты.