«Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесінің аумағына келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 2021 жылдың 4 тамызы күні Ұлттық парк директорының міндетін атқарушы Қалматаев Ержан Орынбайұлының басшылығымен, Кеген ауданы Төтенше жағдайлар басқарма бастығы азаматтық қорғау майоры Махпиров, «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесінің Шелек эксплуатациялық учаскесінің басшысы Тоқтасын, Саты ауылдық округінің әкімі Әлімов, және парк қызметкерлері 7 (жеті) туристік соқпақтарын аралап, туристік маршруттардағы қауіпті аймақтарды тексерді. Тексеріс барысында Төменгі Көлсай көлінің сол жақ, оң жақ жағалауында 2 (екі) сырғыма қауіпі бар учаскелер Көлсай орманшылығының 9 орам 24 телімінде және «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесінің 2,12 га. аумағында орналасқан жерде анықталды. Осы жағдайға тиісті Акт жасалды. Адамдардың қауіпсіздігі үшін қауіпсіз аймақтар белгіленді, арнайы ескерту тақтайша жасатуға тапсырыс берілді.