«Көлсай көлдері» МҰТП РММ директорының м.а. Е. Қалматаевтың 10 тамыз 2021 жылғы №75 –ө/б санды бұйрығымен 10.08.-10.09.2021 жыл аралығында «Таза демалыс аймағы» атты экологиялық акциясын өткізу жоспарланған. Осыған байланысты 2021 жылдың 11 тамыз күні ұлттық парктің экологиялық ағарту және туризм бөлімінің мамандары, Көлсай орманшылығының мемлекеттік инспректорлары, еріктілермен бірлесіп Төменгі Көлсай көлінің жағалауларын, соқпақ бойларын, қоқыстардан тазартты. Акция барысында демалушыларға ұлттық парк аумағына болу тәртібі түсіндіріліп, үн парқтар таратылды. Демалушылардың ұлттық парк аумағына көптеп келуі салдарынан, қоқыс қалдықтары көбейуде. Сондықтанда, табиғатты таза ұстау мақсатында акциялар, сенбіліктер алдағы уақытта тұрақты ұйымдастырылатын болады. 2021 жылдың 17-18 тамыз күндері аралығында ұлттық паркпен «KazEcoPatrol» РҚБ-нің эко-волонтерлерінің бірлесуімен «Не жди дворника» атты акциясын «Туран»ТВ телеарнасы, аудан, ауыл әкімшілігі, төтенше жағдайлар бөлімінің мамандарын қатыстыра отырып өткізу жоспарланып отыр.