Біріккен Ұлттар Ұйымының даму жөніндегі бағдарламасының «Пилоттық жобасы» негізінде «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік инспекторларына Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау ассоциациясы (ҚБСА) «Табиғатты қорғау мен бақылауға арналған SMART тәсілі» бойынша кешенді оқыту жұмыстарын жүргізіп, арнайы SMART бағдарламасы бар 19 дана мобилді құрылғыларымен қамтамасыз етті. Сондай – ақ, оқуға қатысқан мемлекеттік инспекторларға сертификаттар табысталды.