«Көлсай көлдері» ұлттық табиғи паркінде «Парктер шеруі - 2021» табиғат қорғау акциясы аясында «Таза су айдындары» акциясы ұйымдастырылды. Акция кезінде Көлсай және Қайыңды көлдерінде сенбіліктер ұйымдастырылып, тазалық жұмыстары жүргізілді. Өткізілген шараға ұлттық парк қызметкерлері, Қазақ спорт және туризм академиясының студенттері, ТОО ASYL spice center компаниясының қызметкерлері қатысты.
#парктершеруі2021Көлсайкөлдері