«Көлсай көлдері» МҰТП республикалық мемлекеттік мекемесінің аумағына қойылған фототұзақ обьективіне ҚР Қызыл кітабына енген Тянь-Шань Қоңыр аюының қонжығы түсті. Тянь-Шань Қоңыр аюы (лат.Ursus arctos isabellinus)- жыртқыштар отряды, аюлар тұқымдасына жататын қоңыр аюдың бір түр тармағы. Ғылыми зерттеулер бойынша Тянь-Шань Қоңыр аюы қазан айының ортасынан сәуір айының ортасына дейін қысқы ұйқыға кетеді. Ал біздің фототұзаққа 14.11.2020 жылы, күз айларының қолайлы болуына байланысты қараша айында да ұйқыға жатпай, жүрген аюдың қонжығын көре аламыз.