Кезекті Экологиялық ағарту сабағымыз А.Түркебаев атындағы мектеп лицейінің 8ә – сынып оқушыларына карантин режимін сақтай отырып, ЭАТ бөлімінің маманы Ә.Жетібаева және Ғылым және мониторинг бөлімінің маманы Р.Қапарбай сабақ өтті. Сабақ барысында, «Көлсай көлдері» МҰТП республикалық мемлекеттік мекемесінде кездесетін Қызыл кітапқа енген жануарлар туралы мәлімет беріліп, презентация көрсетілді. Сабақ соңында Сіз білесіз бе? айдары арқылы сұрақ қойылып, жауап берген оқушыларға ұлттық парк туралы кітап және кеңсе тауарлары таратылды.