2021 жылғы жылдық жұмыс жоспарға сәйкес, Мемлекеттік инспекторлар құрамын оқыту бағдарламасына байланысты, қазіргі карантин режимін сақтай отырып, еңбекті қорғау инженері Е.Садвакасов – мекеме инспекторларымен еңбек қорғау және техника қауіпсіздігі ережелерімен, инспекторлар жұмыс барысында кездесетін қауіпсіздік техникасының барлық қағидаларымен таныстырды.
 
Аға ғылыми қызметкер Б.Арынов – мемлекеттік инспекторлардың күнделігін толтыру ережелерін түсіндірді.
Орманды қорғау инженері Т.Мырқасымов – Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы Заңмен, Жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақта болу ережесімен таныстырып, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекске сәйкес, орман заңнамасын бұзу бойынша хаттама рәсімдеу тәртібі, келген зиянды анықтау, сондай-ақ, ормандағы өрт қауіпсіздігі бойынша оқыту жұмыстары жүргізілді. Бағдарламаға сәйкес барлық тақырыптар жан – жақты талқыланып өз деңгейінде жүргізілді.
 
Экологиялық ағарту және туризм бөлімінің қызметкері А.Нұрақын – жеке және заңды тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда болу тәртібі туралы оқыту жұмыстары жүргізілді.
Алдағы уақытта бекітілген кестеге сәйкес, оқыту жұмыстары жалғасын табады.