Жаңалықтар

«Көлсай көлдері» МҰТП РММ–нің   техника экономикалық негіздемесі және туристік  инфрақұрылымды дамытудың бас жоспарына сәйкес жер учаскелерін  ұзақ мерзімді пайдалануға беру «Мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру және туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін пайдалануға берілген мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің учаскелерін құрылыс обьектілері үшін пайдалануға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 07 қарашадағы № 1063 қаулысы негізінде (өзгерістер енгізу туралы ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 05 шілдедегі № 910 қаулысы) жүзеге асырылған.

 Көрсетілген фотолар 2016жылғы. Ол мәселе бойынша тиісті шаралар қолданылған. Екінші фотода көріп отырғандарыңыздай ол жерде бүгінгі таңда ешқандай қоқыс жоқ. Азамат Ерғалидың тағып отырған айыбы негізсіз!

2019 жылы 27 шілдеде ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің бастамасымен басталған «Бірге Таза Қазақстан» экологиялық акциясы еліміздің барлық ерекше қорғалатын табиғи аумақтарында өткізілді. Аталмыш акцияға «Көлсай көлдері» МҰТП РММ-де ат салысты.

Ұлттық   парк аумағында өткізілген «Саябақтар шеруі – 2019»  табиғат қорғау акциясы туралы есеп

Көлсай көлдері мемлекеттік ұлттық табиғи паркі республикалық мемлекеттік мекемесінде 19 наурыз 2019 жылғы №36-ө/б Саябақтар шеруі – 2019 халықаралық табиғат қорғау акциясын өткізу туралы бұйрық және акция кезінде жүргізілетін жұмыстардың іс- шаралар жоспары бекітілді. Осы бұйрықты басшылыққа алып ұлттық парк қызметкерлері Саябақтар шеруі – 2019 акциясын өткізуге белсене қатысты.