«Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі  ұлттық парк учаскелерін ұзақ мерзімді пайдалануға рұқсат беру және  туристік-рекреациялық мақсаттағы объектілерді құру бойынша 2021 жылғы 04 наурызда өткізілген тендердің қорытындысы туралы хабарлайды. Тендер қорытындысының №1  хаттамасына сәйкес, комиссия мүшелерінің ашық дауыс беру нәтижесінде №1 лот бойынша тендердің жеңімпазы деп  «Атырау-Рент» ЖШС танылды.