Табиғат бізбен қай тілде сөйлеседі?

Иә, үйлесімділік пен өмір тілінде...

Өкінішке қарай, оның даусын бәрі бірдей ести алмайды, оның бізге жеткізер негізгі ойын ұға бермейді.

Табиғат түрлі ғажайыптарды тудырады, бірақ тез жараланады. Біз оның бір бөлшегі ғанамыз.

Қазақстанның табиғаты сөзбен айтып жеткізгісіз сұлу. Онымен тек сезімтал, түсінігі терең жан ғана бір толқында бола алады.

Оның адамзатқа айтар ең басты өтініші -бізге табиғат берген байлықты сүю және сақтап, қорғау!