«Көлсай көлдері» ұлттық паркін дамыту тұжырымдамасының таныстырылуы 2020 жылы 30 қыркүйекте, сағат 11.00-де Саты ауылында «Көлсай» көлдері мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің даму тұжырымдасы таныстырылады.
 
Іс-шараға Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің орынбасары Ерлан Нысанбаев, Мәдениет және спорт министрінің орынбасары Үркен Бисақаев, туристік қауымдастықтар, ғалымдар, сарапшылар және қоғам қайраткерлері қатысады. Қызығушылық танытқан барлық азаматтарды, оның ішінде ұлттық паркте экотуризмді дамыту жобасының әлеуетті инвесторларын да жиынға шақырамыз.
 
Сонымен бірге «Көлсай көлдері» ұлттық паркінде экотуризмді дамыту бойынша қоғамдық кеңес құру жоспарлануда. Көлсай көлдері» ұлттық паркі экотуризмді дамытудың негізгі бағыттарымен аталған презентация аясында танысып, сұрақтар қоюға болады. Шарадан кейін қатысушылар Көлсай, Қайыңды көлдеріне барады. Қатысу үшін 2020 жылдың 30-шы қыркүйекке дейін Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра., Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электронды пошталары арқылы тіркелу керек.
 
Көлсай көлдері