Паркке келуші туристермен және қонақтарымен кезекті үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді.
Барлығы 9 тоннадан астам қоқыс шығарылды. Бүгінгі таңда қазақстандық ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға рекреациялық жүктеме артып, ішкі туризм даму үстінде, сол себептен біздің әдемі табиғатымызға мұқият қарап, сүйіңіз, бағалаңыз және оны қорғаңыз деп еске салғымыз келеді! Ландшафттарды қоқыс қалдырмай және қоршаған ортаға қамқорлық жасап, оларды бастапқы түрінде қалдыру сіздің қолыңызда!