Жануарлар әлемі: Парктің жануарлар дүниесінен омыртқалы жануарлардың 256 түрі анықталған. Атап айтсақ, сүтқоректілердің – 51 түрі, құстардың – 197 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 3 түрі және қос мекенділердің 3 түрі. Ихтиофаунаға балықтың 5 түрі – жалаңаш осман, тибеттік жалаңаш ақбалық, кемпірқосақ түсті форель, салпыерін және кабыршаксыз көкбас кіреді. Жануарлар әлемінен сүтқоректілердің 7 түрі – Тянь-Шань қоңыр аюы, орта-азиялық өзен камшаты, Түркістан сілеусіні, ілбіс, сабаншы, Тянь-Шань арқары, тас сусары; құстардың 15 түрі – қара дегелек, орақтұмсық, қызыл құнақ, сақалтай, қаршығарең жапалақ, жұртшы, бақалтақ қыран, бүркіт, құмай, дала қыраны, бидайық, ақбас тырна, үкі, көк құс, ителгі Қазақстанның Қызыл кітабына енген. Ілбіс (қар барысы), жұртшы және шәкілдек ғаламдық қорғау тізімдеріне тіркелген.