Туризм

Көлсай көлдері ұлттық саябағында танымдық және экологиялық туризмді дамыту жағдайын қамтамасыз ету, экологиялық білімділік, жағажайлық серуендеу демалыстарын, балықшылық, табиғат және тарихи, археологиялық ескерткіштерге баруды ұйымдастыратын аймақ ұлттық парк аумағына келушілерге қызмет көрсетеді.Бұл аймақ жалпы ұлттық парк территориясының 13,5% құрайды. Ұлттық парк аумағындағы демалыс негізінен маусымдық кезеңге ие.Көлсай көлдері мен Қайыңды көлі, талды, Саты сайлары тынығушылардың ең көп сұранысына ие жерлер.Мұнда әсіресе өз бетінше келіп тынығушылар көп. Жыл бойы парк аумағына 40 мыңға жуық тынығушылар келеді.

Экологиялық және танымдық туризмді дамыту мақсатында ұлттық парк аумағында төрт соқпақ пен бір маршрут туристер мен демалушыларға қызмет көрсетеді. Негізінен бұл соқпақтар «Қайыңды көлі», «Алиманың ақтасы», «Төменгі Көлсай – Ортаңғы Көлсай көлдері», «Күрметі ауылы – ортаңғы Көлсай көлі»,« Күрметі ауылы – Қыземшек  тауы» экологиялық соқпақтары деп аталады. Бұл соқпақ бойларымен  жүріп өту барысында әлі де адам баласының қам- қарекеттерімен былғанбаған, тума табиғатты тамашалап, құстардың үнін естіп, жабайы аңдарды көруге болады.

Солтүстік Тянь – Шянь маржандары атанған Күнгей Алатау жотасында көрікті Көлсай көлдері орналасқан. Бұл көлдердің пайда болу тарихы шамамен 1887 жылы және 1911 жылдар аралығы.Көлдер тектоникалық жағдайлармен Қайыңды және Көлсай өзендерінің арналарында пайда болды. Көлсай өзенінің ағымында үш көл орналасқан: Жоғарғы Көлсай, Ортаңғы Көлсай, Төменгі Көлсай.

Жоғарғы Көлсай көлі теңіз деңгейінен 2650 метр жоғары орналасқан, ұзындығы- 580 метр, ені – 190 метр, көлдің аумағы – 180 мың шаршы метр, тереңдігі 24 метр.

Ортаңғы Көлсай теңіз деңгейінен 2280 метр жоғары орналасқан, ұзындығы – 1180 метр, орта ені – 298 метр, ең кең жерлері 800 метрге дейін барады. Көл қисық сопақша пішінді. Көлдің аумағы 343 мың шаршы метр, тереңдігі – 57 метр.

Төменгі Көлсай көлі теңіз деңгейінен 1800 метр жоғары орналасқан, Көлсай өзенінің сағасынан 8,5 км. Көл пішіні өзен ағымының бағыты бойынша созылып жатыр, ұзындығы – 1520 метр, орта ені – 222 метр, көлдің аумағы 33 мың шаршы метр, тереңдігі 75 метр.

Көрші сайда ертегіге ұқсас әдемі Қайыңды көлі бар, ол теңіз деңгейінен 867 метр жоғары орналасқан. Қайыңды көлі біршама жас, осыдан 100 жыл бұрын 1919 жылғы жер сілкінісінен пайда болған. Су тар сайды толтырып, шыршалы орманды басып кетті. Соның салдарынан Қайыңды көлінің бетіне шыршаның шығып тұрған діңгектері әлі сақталған, ол көлге өзінше бір сән беріп тұр. Аумақтық өсімдіктер жайлы биологиялық көптүрлілігімен ерекшеленеді, мұнда 704 түрлі өсімдіктер кездеседі. Эндемиктер тобына 29 түрлі өсімдіктер кіреді. Оның ішінде ҚР Қызыл кітабына енген 12 түрі кездеседі.Олар: күнгей жусаны, жалтыр жанаргүл және т.б.

 

 

 

«Көлсай көлдері»  мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің табиғатынан көрініс.