Қазақстан Республикасы                              

                                                                                                                Ауыл шаруашылығы министрлігі                   

                                                                                                           Орман шаруашылығы және жануарлар         

                                        дүниесі   комитетінің                                    

                                                            «___» __________ 20 __ жылғы                   

                                                                  № ______ бұйрығымен бекітілген.                

                                                                                        

Туристік  соқпақтың

ПАСПОРТЫ.

1. ЕҚТА атауы: «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі.

2. Соқпақтың атауы: № 4 туристік соқпақ – «Күрметі ауылы-ортаңғы Көлсай көлі».

3. Соқпақтың (маршруттың) жіктемесі.

  1. туристік – экускурсиялық;
  2. жаяу және салт атты;
  3. маусымдық;
  4. топтық және жеке;

4. Негізгі географиялық пунктер атауы.

Күрметі ауылы, Күрметі өзені, Қайыңды және қарағайлы алқап, Шырпық, Бесмойнақ асуы, Ақтас, ортаңғы Көлсай көлі.

5. Қашықтығы 17 шақырым, аялдаманы ескере отырып, уақыт ұзақтығы 12 сағат.

6. Соқпақтың жұмыс істеу мерзімі. Мамыр – қыркүйек айлары.

7. Топтағы адамдардың ең көп саны. 25 – 30 адам. Бір аптаға 1 – ден 5 топқа дейін.

8. Экскурсия маусымының ішіндегі әр түрлі кезеңдер бойынша жол берілетін рекреациялық жүктемелер.

Маусымдық қолданыс кезінде өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесіне кедергі келтірмей, маусым ішінде 210 адамға дейін жүріп өтуге жол беріледі.

9. Соқпақ арқылы экскурция ұйымдастырушысынсыз жүріп өту мүмкіндігі.

Соқпақпен жүріп өтудің барлық ережелері мен шарттары міндетті түрде сақталатын  жағдайда жүріп өтуге рұқсат беріледі. Көктем айларында, жауынды кездерде, белсенді кене энцефалиті кезінде және ауа райын ескере отырып өрт қауіпсіздігі маусымы кезінде  бұл маршрутпен жүруге уақытша тыйым салынуы мүмкін.

Керекті құрал – жабдықтар.

Жылы киім, таулы аймаққа арналған аяқ киім, бас киім міндетті. Құралдардан: таяқ алу, арқан, бәкі секілді т.б. заттар алып жүру ұсынылады.

10. Соқпақта жүріп – тұрудың ережелері.

  • Соқпақпен жүру кезінде аң аулауға, балық ұстауға, ұяларды, індерді, құмырсқа илеулерін бұзуға;
  • өз бетінше белгілер қоюға, жазулар жазуға;
  • Арнайы рұқсатсыз соқпақтар бойынан табиғи әдемі тастар, археологиялық табындылар және т.б заттар алып кетуге;
  • Автотұрақ ұйымдастыруға, шатырлы үйлер тігуге, арнайы орыннан басқа жерлерге от жағуға, өзендер мен көлдерге шомылуға;
  • Өз бетінше әдемі және дәрілік шөптер жинауға тыйым салынады.
  • қар көшкіні, тұманды , нөсер жаңбырлы кездерде соқпақпен жүруге тиым салынады.

11. Қауіпсіздік шаралары.

Маршрутта қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажет.

  • жүргіншілердің ара қашықтығы 1,5 – 2 метрден кем болмауы:
  • алдыңғы кетіп бара жатқан адамды итермеу:
  • тік жардың қабағына тұрмау:
  • тау өзендерін арнайы белгіленбеген немесе өткелі жоқ жерлерден кесіп өтпеу;

12. Соқпақпен жүріп - өту жоспары.

Маршрут учаскелері

Ұзақтығы

км

Қозғалыс

Уақыты

(сағат)

Аялдау уақыты

(сағат)

Тамашалау алаңдарының, суретке түсіру алаңдарының №

Бастап

Дейін

1

Күрметі ауылы

Қайыңды алқап

7

1

30 мин

1

2

Қайыңды алқап

Бесмойнақ асуы

7

1

30 мин

1

3

Бесмойнақ асуы

Ортаңғы Көлсай көлі

3

1

3 сағ.

1

 

 

 

17

8

4

1

 

13. Соқпақтың сызбасы қосымшада тігіледі.

Соқпақ сызбасы белгіленген маштабы кемінде 1:200000 баспахана шығарған карталар мен сызбаларды желімдеп қоюға болады.

14. Шартты белгілер:

  түнемелік орын      

  шатыр қоятын орын

  аншлагтар

  жол сілтемелер

  информациялық тақталар

  кордон

  көру тамашалау алаңдары

  шақырымдық діңгектер

  қалқалар, күркелер

  жаяу жүргіншілерге арналған көпір

  жалаушалар

 

15. Соқпақтың қысқаша сипаттамасы.

Туристік  соқпақ  Күрметі  ауылынан бастау алады. Ауылдан басталған маршрут автожолмен Күрметі  ауылынан оңтүстікке бағыт алып, Күрметі өзенін өрге қарай бойлап қозғалады. Жол бойы аялдама жасау үшін аялдайтын орын Күрметі өзенін кесіп өтетін көпірден өткен соң қайыңды және қарағайлы алқап болып жоспарланған. Аялдамадан соң соқпақ Шырпық арқылы ары қарай қозғалады. Мұнан соң соқпақ тек қана шығыс бағытта Бесмойнақ асуы арқылы ортаңғы Көлсай көліне дейін қозғалады.  Бесмойнақ асуынан өткен соң Ақтас арқылы ортаңғы Көлсай көліне жетеді. Ортаңғы Көлсай көлі ақырғы нүкте болып есептеледі.

Соқпақтың ені 0,5 – 2 метр аралығында болып келеді. Жол бойында жер бетіне шығып жатқан ірі тастар, су орған жыралар, қар көшкінінен болған егілме тастар да кездеседі.

 

16. Соқпақ  бойындағы тамашалау (шолу) алаңдарындағы қарап – көру   

          объектілерінің қысқаша сипаттамасы.

Тау өзендері мен арықтар, Табиғи әсерлерден болған эрозиялық құбылыстар, ірі және биік Шренка шыршалары және тез өзгеретін көп түрлі өсімдіктер әлемі кездеседі.

Маршрут бойымен қозғалыс бағытында жалпы көлемі 10 га. жерді алып жатқан Қайың және қарағай алқабын тамашалуға болады. Мұнда Ақ қайың және Қарағай (сосна) ағаштары отырғызылып, арнайы бақ жасалған. Ал ақырғы нүктеге жеткен кезде теңіз деңгейінен 2500 м. биіктікте орналасқан сұлулығымен көз тартатын ортаңғы Көлсай  көлін тамашалауға болады. Сонымен қатар көл маңындағы жабайы таңқурай мен бүлдірген, қой қарақаты, итмұрын жемістерін, көптеп теруге болады.

Маршрут  бойымен жүру кезінде және тамашалау алаңдарынан құстардан: ұлар, құр, қаршыға, тоқылдақ, тазқара құсы секілді және т.б. құстарды көруге болады. Аңдардан: елік, бұғы, марал, тауешкісі,  қоян, түлкі, борсық, суыр, және т.б. аңдар кездеседі. Көлден де жоғары биіктіктен, яғни жайлауданТянь-Шан қоңыр аюы да кездесуі мүмкін.

 

17.Соқпақтың (маршруттың) күрделі учаскілерінің қысқаша сипаттамасы.

Соқпақ бойымен жүру кезінде ағыны қатты тау өзендері кездеседі. Олардан өту кезінде тек қана арнайы белгіленген өткелдер мен көпірлер арқылы өту керек. Бесмойнақ асуынан өту кезінде көшкі жүрген жыралар кездеседі.

 

18. Ықтимал стихиалық құбылыстар мен олар орын алған кездегі  топтың іс – қимылы.

Бұршақ, нөсер жаңбыр болған кездерде жар қабақ  жағалауларына, су, өзен     жағалауларына жақындамау  қажет.

Сел, су тасқыны болған кезде сол жердің рельефіне байланысты биіктеу жерге тез арада көтерілу қажет.

20. Жолдамаға ақпараттық парақшаның мәтіні үшін ұсынымдар.

Бағыт (маршрут) бойынша жүру кезінде, маршрут бойындағы барлық белгілерді, қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Туристерге ыңғайлы киім, дұрыс таңдалған аяқ киім және аспалы сөмке (таулы жерлер үшін) алып жүруге кеңес беріледі.

Соқпақтарды абаттандыру.

Соқпақ бойы   аншлагтармен, аялдау, паналау орындары, столдар орындықтарымен жабдықталған.

21. «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі ғылыми-техникалық кеңесінің 25- ақпан 2016 жылғы №1 шешімі:«Паспорт әзірленіп «Алматы облыстық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі  аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесімен келісіліп,  Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне бекітілуге жіберілсін».

 

Соқпақтың паспортын жасауға жауапты адамдар:

Экологиялық ағарту және туризм бөлімінің басшысы:               - Ә. Батанов

Ғылым және мониторинг бөлімінің  башысы                               - Б. Уалиева       

Туризм және рекреация  бас маманы:                                            -  С. Әзімов

 

 

 

 

 

 

22.Паспорт 2016 жылы 3 данадан жасалды.

23.Паспортқа өзгертулер енгізілген жоқ.

24Паспорттың даналары  жіберілді:

 

  1. Қазақстан Республикасы  Ауылшаруашылығы  министрлігі  Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі  комитетіне .
  2. ҚР АШМ «Орман  шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Алматы облыстық орман шаруашылығы және  жануарлар дүниесі  аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесіне

 

«Келісілді»                             

                                               

 

ҚР АШМ «Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Алматы облыстық орман шаруашылығы және  жануарлар дүниесі  аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің

                                        басшысы __________________________ Т. Мамиев.

                                                                              (ЕҚТА аумақтар саласындағы уәкілетті органның аумақтық органының басшысы)

 

                                                   «_____» _________________ 20__ __ ж.

 

                                                   

 

                       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Күрметі ауылы –ортаңғы Көлсай көлі» экскурсиялық соқпағы

Экскурсонная тропа «поселок Курметы- средний Кольсай»